Көкшетауда арзан азық-түлік өнімдерінің жəрмеңкесі өтті

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 60-қа жуық азық-түлік өнімі әкелініпті. Олардың жалпы құны – 157 миллион теңгені құрады. Оның ішінде ет, ұн, сүт өнімдері мен балық, жұмыртқа, қант, күнбағыс майы тəрізді азық-түлік түрлері нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан ұсынылғандықтан тұрғындарға қол жетімді болды.