Алтын өндіретін жаңа фабрика іске қосылды

«Бұл өте қажет жоба. Қазақстан шикізатқа бай мемлекет. Оның ішінде, алтын кені біздің валютаның негізі болып отыр. Қазақстанның әр жерінде 100-ден артық кен орындары бар. Соның барлығын өзіміздің компаниялар игеретін болса, еліміздің әлеуетін одан әрі көтереміз. 4 тонна алтын шығару деген өндіріс көлемінің үлкен екенін көрсетеді», — деді Қазақстан Президенті.

Осылайша, «Қазақалтын Технолоджи» компаниясы Ақмола облысындағы Ақсу ауылында алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Компания қызметкерлерінің айтуынша, алғашқы жылы зауыт 4 тонна алтын және 2 тонна күміс өндіруді жоспарлап отыр.

Дереккөзbaq.kz