Қазақстан Президенті Әбу-Дабиге барады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 16 қаңтар күні төрт күндік саммиттің ашылуы барысында Астана ЭКСПО-2017 павильонын ресми түрде ұсынады. Қазақстандық делегацияның құрамында «Астана ЭКСПО 2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов пен ЭКСПО-2017 комиссары Рәпіл Жошыбаев бар.

2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО-ның өкілдері 18 қаңтар — WFES  саммитінің үшінші күні талқылауға қосылады.

Назарбаев пен Есімов форумда елдің тұрақты энергетикасы бойынша өзекті жобалар ұсынады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Астанада өтетін EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның маңызды жобаларының бірі саналады. Елдегі ірі көлемдегі іс-шараны ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі.

Дереккөзegemen.kz