Астанада «Парыз» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Атап айтқанда, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында — «Пищепромторг» ЖШС, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде үздік ұжымдық келісімшарт ұйымы» — «Арай текстиль» компаниясы, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» — ЖК «Бейсенбаев», ал «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде экологияға қосқан үлесі үшін» аталымында «Алди және компания» ЖШС қола жүлдені иеленсе, тура осындай кезекпен «Прежевальское» компаниясы, «Бином» ЖШС, «Бахыр» шаруа қожалығы мен «Блок» ЖШС күміс жүлденің жеңімпазы атанды.

Ал «Қазмедприбор Холдинг» ЖШС, Қазтұтынуодағының Павлодар экономикалық колледжі, Қарағанды металл бұйымдарының зауыты мен «Белес-Агро» ЖШС алтын жүлдеге сай деп танылды.

Бұдан бөлек «Ірі кәсіпкерлік субъектісі саласындағы үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында Жәйрем тау-кен байыту комбинаты «қолаға» ие болды. «Нежинка ерке» ЖШС «күмісті» олжаласа, «ЕмбіМұнай» компаниясы алтын жүлдені иеленді.

«Ірі кәсіпкерлік субъектісі ретінде үздік ұжымдық келісімшарт ұйымы» аталымында «Прииртышское» бройлер фабрикасы — «қола», Алматы ауыр машина жасау зауыты — «күміс», «Победа» ЖШС «алтынды» жеңіп алды.

Сондай-ақ, «Ірі кәсіпкерлік субъектісі саласындағы еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» — Атырау мұнай өңдеу зауыты (қола),  «Майерс Ойл Қазақстан» компаниясы (күміс), «СКЗ-Ю» ЖШС («алтын») атағын иеленді. Ал «Ірі кәсіпкерлік субъектісі ретінде экология қосқан үлесі үшін» «Варваринское» АҚ «қолаға» ие болса, Өскемен жылу электр орталығы күміс жүлдені олжалады. «Қағазы Ресайклинг» компаниясы осы аталымда ең үздік тұғырға көтерілді.