Ажалдың алғашқы белгісін қалай анықтау керек?

Эксетер университетінің ғалымдары 60 және бұдан асқан шағында көз жұмған 46 мың британиялықтың медициналық жазбасына сараптама жүргізген. Сараптамаға жүрек-қан тамырлары аурулары бар және денсаулығында еш ақау болмаған адамдардың жазбалары алынды.

Зерттеу қорытындысы бойынша, екі топ мүшелерінде де ажал алдында 14 жыл бұрын қан қысымының төмендеуі байқалған, ал соңғы екі жылында ол тіпті анық көрінетін болған.  Мамандар бұл мәліметтер егде жастағы адамдарды емдеуге қажетті деген ойға келіп отыр, әсіресе, бұл емдеу түрін таңдауда маңызды болмақ.

Дереккөзtengrinews.kz