Осыған байланысты жергiлiктi полиция қызметiнiң учаскелiк өкiлдерiмен бiрлесiп берешегi көп үйлердi жылу жүйесiнен ағыту жөнiнде рейдтер өткiзiп, түсiнiк жұмыстарымен айналысады. 27 қазанға 12,1 миллион берешегi бар жеке тұлғалардың 101 нысаны, 16,9 миллион берешегi бар заңды тұлғалардың 38 нысаны жылу жүйесiнен ағытылды. Бұдан басқа сот органдарына шағым өтiнiштер берiлуде. Жеке сот орындаушылары да өз тарапынан берешектердi тезiрек қайтарып алумен айналысады.
Ақмола облысында күн сайын дебиторлық берешектi азайту жөнiнде мониторинг жасалынады
