Өзбекстан кәсіпкерлерінің делегациясы Көкшетаудың өндіріс орындарын аралады

Өзбекстандық делегация алдымен «Тыныс» акционерлiк қоғамының жұмысымен танысты. Қазiр кәсiпорында 800-ден астам адам жұмыс iстейдi. Кәсiпорын елiмiздiң және Ресей, Өзбекстан, Украина тұтынушыларын әуе техникасы өндiрiсi тораптарымен, медициналық техникалармен, өрт сөндiру жабдықтарымен, қысым өлшеу жарақтарымен, таразы және полиэтилен құбырларымен қамтамасыз етiп отыр. Өз кезегiнде өзбекстандық кәсiпкерлер кәсiпорынның жетiстiктерiне қызығушылық танытып, өндiрiстiң инвестициялық мүмкiндiгiн жоғары деп бағалады.

Ет, шұжық өнiмдерiнiң 70 түрiн шығарып, «Қазақстанның азық-түлiк рыногы көрмесiнiң 10 алтын медалiн жеңiп алған «МПЗ Бижан» фирмасы өлке дамуына жаңа леп қосуда. 2013 жылы шұжық, жартылай шикiзат, консервi жасайтын және тоңазытқыш жасайтын цехтардың құрылысы қолға алынды. Қазiргi кезде, тәулiгiне 5 мың тонна шұжық пен 20 мың тонна консервiде бұқтырылған ет шығаратын цех жұмыс iстейдi. Серiктестiк директоры Шәкихан Антаевтың айтуынша, «Халал» стандартымен жұмыс iстейтiн кәсiпорында Германияның озық жабдықтары орнатылып, заманауи технологиясы қолданылуда. Жаңа комбинатта Германияның озық жабдықтары орнатылып, заманауи технологиясы қолданылады. Кәсiпорынның өндiрiстiк желiсiнiң жалпы құны 98 миллион теңгенi құрайды. Осындай серпiндi ұмтылыстар арқылы серiктестiк Елбасының экспорттық әлеуеттi күшейту жөнiндегi тапсырмасын орындауға салмақты үлес қосуды мақсат тұтып келедi.

«Үдемелi индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша жұмыс iстеудi қолға алып отырған «Ақмола Бидай» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң кәсiпорнын аралап көрген делегация мүшелерi мұндағы жұмыс сапасына, қолданылып отырған жаңа технологиялар жүйесiне ризашылығын бiлдiрдi. 2013 жылы диiрмен құрылысын салу басталып, бiр жылдан кейiн түрiктiң озық технологиялық қондырғысы орнатылған кешен алдағы көктемде iске қосылады деп күтiлуде. Мұнда орнатылған шетелдiк жабдық тәулiгiне 200 тонна ұн өндiредi. Серiктестiк өз өнiмдерiмен iшкi рынокты ғана қамтамасыз етiп қоймай, экспортқа да шығаруды көздеп отыр. Серiктестiк директоры Абдул Халил Наджибула қала әкiмiн жаңа заман диiрмендерi қалай жұмыс жасайтынын көрсетiп, кешен iшiн аралатып шықты. Түрiк технологиясымен құрылған диiрменнiң өндiрiс жүйесi автоматты түрде жұмыс жасайды. Бидайды тазалау, жуу, кептiру, тарту, қапқа орау сияқты жұмыстардың бәрi техниканың қолында. Екiншi бiр артықшылығы өнiм алыс және шет елге шығаруға негiзделiп отырғандығында. –Кәсiпорындардың қай-қайсы болмасын өз саласына әбден машықтанған. Олар кез-келген iрi өндiрiс орындарымен байланыс жасап, өз iстерiн жалғастырып әкете алады. Ал, ондай iргелi өндiрiс ошақтары елiмiздiң өзге өңiрлерiнде де аз емес. Бiз тек осы бағытта дәнекер болуымыз қажет, — дедi қала әкiмi Ермек Маржықпаев. Делегация өкiлдерi болашақта екi ел арасында барлық саладағы мүмкiндiктердi бiрiктiруге күш салынады деген сенiмде екендiктерiн жеткiздi.