Instagram-дағы ең танымал қалалар анықталды

Бұл туралы Риа Новости жариялады.

Рейтингтің басында Нью-Йорк қаласы тұр. Ал Лондон екінші орыннан көрінген. Танымал қалалардың үздік үштігіне Мәскеу қаласы енген.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде атағы шыққан қалалардың тізімінде Сан-Паулу, Париж, Лос-Анджелес, Санкт-Петербург, Джакарта, Стамбул және Барселона бар.

Дереккөздің жазуынша, мұндай рейтинг адамдардың көбірек суретке түсіп, геотегті белгілеуі бойынша анықталған.