Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда әжесі мен немересі алаяқтарға алданып, үйсіз қалды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Әлеуметтік желілерде тараған 12 жастағы қыздың видеосы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бейнежазбада ол 75 жастағы әжесімен бірге алаяқтардың әрекетінен жалғыз баспанасынан айырылып, қиын жағдайға тап болғанын айтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жарияланған ақпарат бойынша, оқиға Алматының Бостандық ауданында болған. Қыздың айтуынша, үйден шығарылғаннан кейін егде жастағы әжейдің денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген.

Бейнежазбада жасөспірім балалардың құқықтарын қорғайтын ұйымдардың бірінен көмек сұрағандарын, алайда күткен қолдауды ала алмағандарын жеткізеді. Оның сөзіне қарағанда, ұйым өкілдерінің бірі отбасының жағдайына түсіністік танытпаған.

Оқиға әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқыланғаннан кейін жағдайға Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл араласты. Тараған мәліметтер бойынша, уәкіл Динара Зәкиева аталған істі жеке бақылауына алған.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Ресми органдар тарапынан отбасының құқықтық және әлеуметтік жағдайына қатысты қажетті шаралар қабылдануы мүмкін.

Жұртшылық әлеуметтік желілерде отбасыға қолдау білдіріп, жағдайдың әділ шешілуіне үміт артып отыр.

Мақалаға реакция