Алматыдағы Фурманов көшесінің атауы Назарбаев деп өзгертілді

Фурманов көшесінің атауын өзгертуге мегаполис тұрғындарының көптеген ұсыныстары себеп болған.

Осылайша, Алматы қаласы мәслихатының VI шақырылымындағы сессиясында қалалық ономастикалық комиссия мен ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиямен келісу бойынша Алматыдағы басты көшелердің біріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімін беру туралы шешім шығарылды.

ДереккөзTengrinews.kz