Қазақстандық білімді жастар Сингапурден жүлделі оралды

13 жасқа дейінгі оқушылар арасында өткен білім сайысына әлемнің 22 елінен үміткерлер қатысты. Сингапур төрінде ел мерейін асқақтатқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы әуе жайынан ата-аналары мен туған-туыстары және ұстаздары күтіп алды. Қазақстан құрамасы алғаш бұл айтулы жарысқа 2015 жылы қатысып, сол кезде алтын медаль ұтып алған болатын. Бұл жолы жерлестеріміз жалпы командалық есепте екінші орыннан көрінді.

Асан Жолдасов, «ПИФАГОР» мектебінің жетекшісі:

Біздің командамыз білімділер сайысында үлкен беделге ие болды. Бұл – төрт жылдық дайындықтың жемісі. Олар екінші сыныптан бастап дайындалды. Біз бұл жастарымызбен әрдайым мақтанамыз.

Данай Диханбаев, халықаралық олимпиада жеңімпазы:

Біз жалпы есепте екінші орынды иелендік. Шыны керек, жарыс алдында мұндай жетістікке жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Қазақ жастарының білім деңгейі қай дәрежеде екенін күллі әлемге паш еттік.

Дереккөз24.kz13 жасқа дейінгі оқушылар арасында өткен білім сайысына әлемнің 22 елінен үміткерлер қатысты. Сингапур төрінде ел мерейін асқақтатқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Алматы әуе жайынан ата-аналары мен туған-туыстары және ұстаздары күтіп алды. Қазақстан құрамасы алғаш бұл айтулы жарысқа 2015 жылы қатысып, сол кезде алтын медаль ұтып алған болатын. Бұл жолы жерлестеріміз жалпы командалық есепте екінші орыннан көрінді. Асан Жолдасов, «ПИФАГОР» мектебінің жетекшісі: – Біздің командамыз білімділер сайысында үлкен беделге ие болды. Бұл – төрт жылдық дайындықтың жемісі. Олар екінші сыныптан бастап дайындалды. Біз бұл жастарымызбен әрдайым мақтанамыз. Данай Диханбаев, халықаралық олимпиада жеңімпазы: – Біз жалпы есепте екінші орынды иелендік. Шыны керек, жарыс алдында мұндай жетістікке жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Қазақ жастарының білім деңгейі қай дәрежеде екенін күллі әлемге паш еттік. Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/208317-aza-standy-bilimdi-zhastar-singapurden-olzhaly-oraldy Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz