Спорт шебері Дмитрий Тюков Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті

Сондай-ақ,  танымал спортшы балаларды спортпен шығылдануға қалай қызықтыру керек екендігін түсіндіріп, әрбір жеңілістен кейін спортшының спортқа деген құлшынысы қалай жандана түсетінін айтты.

Дмитрий Тюков Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қойған барлық сұрақтарға жауап берді.

Ол өзінің спортқа деген қызығушылығы туралы және тек үздіксіз, үзіліссіз жаттығулар ғана жеңіске әкелетінін айта отырып, оқушылармен  армрестлинг шеберлігінің құпияларымен бөлісіп үлгерді. Спорт шебері Дмитрий Тюков чемпионмен күш сынасамын деген балалардың бетінен қаққан жоқ. Балалар болса, чемпион спортшымен үлкен қуанышпен білектесіп, бақтарын сынап көріп жатты.

Оқушылар спорт шеберіне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыстап, кездесу кеші музыкалық сәлемдемемен жалғасты. Соңында кеш қонақтары чемпионмен естелік суретке түсіп, Дмитрий Тюков оқушыларға қолтаңбасын берді.