«Бұл тікелей діни мәселеге қатысты емес, шын мәнінде ол қоғамдық қауіпсіздік мәселесі. Мысалы, никаб, чадра, палаклава немесе бетперде секілді киім кию құқыққорғау органдарының жұмысына кедергі жасайды. Демек қоғамдық қауіпсіздікті қамту бойынша шаралардың тиімсіз болуына әкеледі. Сондықтан оның дінге қатысы жоқ»,- деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.
Оның айтуынша, бұл нормаға қатысты азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік қызметкерлер мен сарапшылар пікірі, Бельгия, Франция секілді басқа елдердің де тәжірибелері ескерілген. «Олар никаб, хиджаб киюге тыйым салу адам құқын бұзбайды деген шешімге келген»,- дейді министр.