Есіл ауданына жаңа əкім келді

Талғат Аманбайұлы Ерсейітов 1974  жылы Целиноград облысы,  Астрахан ауданында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Ақмола аграрлық университеті, Астана қаласындағы басқару институтын бітірген. Білімі жоғары. Еңбек жолын Астрахан ауданы әкімдігінде маман болып бастаған.

1997-2007 жылдар аралығында Астрахан аудандық салық комитетінде, 2007 жылы аудандық мәслихат хатшысы болып тағайындалып,  жауапты қызметтерді атқарған.

2009-2012 жылдары Астрахан ауданы әкімінің орынбасары, 2012 жылдан бері Астрахан ауданының әкімі  лауазымын атқарды.  «Құрмет» орденімен марапатталған.