Атбасар ауданының әкімі тағайындалды

Аманбек Әмірхамзинұлы 1961 жылы Торғай облысы,  Арқалық ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмәмдаған. Білімі жоғары. Еңбек жолын Арқалық қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінде бухгалтер болып бастаған.
  • 1983-2004 жылдар аралығында салық және статистика органдарында жауапты қызметтерді атқарған;
  • 2004-2012 жылдары Жарқайын ауданының әкімі;
  • 2013 жылы Ерейментау ауданының әкімі,  Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;
  • 2015 жылдан бері Есіл ауданының әкімі лауазымын атқарды.
  • «Парасат» «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Аймақ басшысы, жаңа тағайындалған аудан әкімінің басқару ісінде мол тәжірибесі бар екенін алға тартып, Аманбек Қалжанов пен аудан активі алдында бірқатар міндеттер жүктеді.

Алдымен облыс әкімі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан құрылыс нысандарында жұмыстың уақытылы әрі сапалы аяқталуын қамтамасыз ету,  көктемгі су тасқынына байланысты дайындық жұмыстарын пысықтау,  ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту,  шағын және орта бизнесті дамыту, өндірісті жандандыру,  әлеуметтік саланы дамытуға баса назар аударуды тапсырды.