Шаңғышы Анна Шевченко ІІ орын алды

10 шақырымдық сында мәреге бірінші болып француз Каролина Томас Хагкелсе, екінші болып Анна Шевченко келді.

Анна Шевченко екі күн бұрын бес шақырымдық бәсекеде де көзге түсіп, мәре сызығын үшінші болып қиған еді.

Сонымен қатар, ерлер арасындағы 15 шақырымдық жарыста жерлесіміз Денис Волотка жетінші орыннан көрінді.

Финляндиядағы сайыста Қысқы Олимпиаданың ұпайлары сарапқа салынады. Сондықтан қазақстандық шаңғышылар үшін іріктеу жарыстарының маңызы зор.

Жолдама беретін жарыстар 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Дереккөз24.kz