Француздар Эмманюэль Макронның жарына «Бірінші ханым» атағын беруге қарсы шықты

Француздардың бұл қарсылығы туралы Change.org платформасында жарияланды.

Кампанияны «Ұлттық теңсіздік» қоғамдық қозғалысының көшбасшысы Тьерри Поль Валетт бастап отыр. Ол Эмманюэль Макронның әйеліне қаражат бөліп отыруға да қарсы шықты.

«Мемлекет басшысының әйеліне салық төлеушілердің ақшасын беруге бірде-бір себеп жоқ»,- деді ол қарсылық петициясында.

Валеттің айтуынша, Брижит Макронның екі-үш көмекшісі, екі хатшысы, екі қауіпсіздік қызметкері бар. «Бұл оған жетілікті болуы керек»,-деді ол.

Петиция президентке және Үкімет басшысы Эдуард Филиппинге жолданған.

Айта кетейік, Huffington Post басылымы Макрон сайлауалды кампаниясында өзінің 64-жасар әйелінің қоғамдық өмірге белсене араласатынын, алайда салық төлеушілердің есебінен жалақы алмайтынын хабарлаған еді. Басылымның жазуынша, «бірінші ханым» атағы туралы мәселе Францияның Ұлттық жиналысының қаралымына жіберілді.