Бурабайда «Қазақстандық Лапландия» қысқы маусымы басталды

«Қазақстандық Лапландия» — Санта-Клаустың мекені. Мұндағы мұз айдынында бұғы мен ит жеккен шанамен сырғанай аласың. Сондай-ақ, Аяз ата жəне Ақша қармен кездесіп, суретке түсуге болады.

Соңғы кездері «Қазақстандық Лапландия» балалармен бірге ересектердің де сүйікті мекеніне айналып отыр. Мында жыл сайын бірнеше мыңдаған бала келіп, көңіл көтеріп қайтады.

Бұл жолы да маусымның ашылуына облыстың əр өңірінен жиналған 1000 астам бала қатысты. Шараны ұйымдастырушылар «Бурабай Даму» ЖШС балаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, қуанышқа бөледі.