Жақсы ұйықтау үшін қандай тағамдар керек?

Жақсы ұйқы үшін магний және триптофанға бай азық-түліктерді пайдаланған жөн. Оған күркетауық филесі, банан, миндаль және сұлы үлпегі жатады.

Ал дәмдеуіші көп және майлы тағамдар, кофе мен алкоголь ұйқыны бұзады. Бұлар ұзақ қорытылады және жүйке жүйесін қоздырады. Оның орнына сүт, ет, жұмыртқа және балық сияқты ақуызға бай тамақтарды және көкөністі тұтынған дұрыс.

Бұл тағамдар сонымен қатар ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуіне жағдай жасайтын триптофанға да бай.

ДереккөзLenta.ru