Бананның біз білмейтін 7 пайдасы

1. Артериялық қысым деңгейі қалпына келеді

Бананның құрамында 420 мг-ға жуық калий бар. Сондықтан ол жоғары қан қысымын төмендетуге сеп болады.

2. Артық салмақтан арыласыз

Банан жасұныққа бай – соның арқасында адамның қарны аша бермейді.

3. Анемия қаупі төмендейді

Анемиядан адамның жүзі солғын тартып, үнемі шаршап жүреді, ентігіп қалады. Мұның бәрі эритроциттердің азаюы мен қандағы гемоглобин деңгейінің төмендігінен.

Бананның құрамында эритроциттердің көбеюіне көмектесетін темір өте көп. Сондай-ақ, қандағы глюкоза деңгейін реттейтін В6 дәрумені де бар.

4. Ас қорыту жақсарады

Банан тез қорытылатындықтан, асқазанға кері әсері жоқ. Жемістің бұл түрін гастрит, қыжыл кезінде, сонымен қатар, диареядан кейін алғашқы ас ретінде жеуге болады. Себебі олар ағзадағы жоғалған минералдарды түзеді.

5. Күйзелістен құтқарады

Банан адамның көңіл-күйін көтереді. Жемістің құрамында біздің организмге серотонин («бақыт гормоны») алуға қажет триптофан бар.

Орта есеппен бананда 27 мг магний бар. Бұл минерал көтеріңкі көңіл-күй мен қатты ұйқыға әсер етеді.

6. Дәрумендерге байытады

Банан В6 дәруменіне бай. Ол организмге инсулин, гемоглобин және аминқышқылдар бөлуге көмектеседі.

«С» дәрумені дегенде ойымызға апельсин мен құлпынай келсе де, бананның құрамында бұл витамин де бар екен.

7. Адамның энергиясы артады

Жемістің құрамындағы калий бұлшық еттерді сіңір тартудан қорғаса, көмірсулар бойдағы күш-қуатты арттырады.

ДереккөзBaq.kz