Ұзақ ұйқы ажал шақырады

Дәлірек айтқанда, он сағаттан астам уақыт ұйықтаған адам ұзақ ұйықтаған болып есептеледі. Осыған байланысты Австралия ғалымдары бірқатар тәжірибе мен зерттеу жүргізіп, ұзақ ұйқының да ажал шақыратынын анықтаған. 

Әрине, одан өзге көп ұйықтау уақыттың бос өтуі және денсаулыққа зиян келтіру:

1. Жүрек жұмысын нашарлатады;
2. Адам ағзасын әлсіретеді;
3. Есте сақтау қабілетін төмендетеді;
4. Сергектікті азайтып, бас ауруына әкеп соқтырады.

  • Сараптама барысында 7-9 сағат ұйықтайтын адамдар 27% депрессияға ұшыраса, 9 сағат немесе одан да көп ұйықтайтын адамдар 49% дейін депрессияға ұшырайтыны анықталды. Сондықтан ұйқы депрессиямен тікелей байланысты екенін естен шығармаңыздар.
  • Тәулігіне 10 сағаттан артық ұйықтайтын адамдардың миларының жұмыс істеуі нашарлайды. Ұзақ ұйқы есте сақтау қабілетіне де кері әсерін тигізеді.
  • Артық салмақ қосасыз. 9-10 сағат төсекте тұрмастан жататын адамдардың семіруі өте тез. Мұндайлардың саны жыл сайын өсіп келеді. Таңертең ерте тұрып, жаттығу жасап, уақытымен тамақтанбағандықтан осындай күйге душар болады.
  • Өмірден ерте өтуіңіз де ғажап емес. 7-8 сағат ұйықтайтын адамдардың өмірі 8 сағаттан көп ұйықтайтындарға қарағанда 15% ұзақ екендігін зерттеушілер атап өткен.

Демек, тәулігіне 7-8 сағат ұйықтасаңыз жеткілікті. Дені саудың жаны сау!