Шығыс Қазақстанда төрт ауыл заңды түрде жойылады

Көкпекті ауданы әкімінің айтуынша, аталған елді-мекендердің ауыл деген статусы жойылғанымен, тұрғындары ешқайда көшірілмейді.

«Бұл ауылдың тұрғындары ешқайда да көшірілмейді. Қыста ол жақтарға жол ашу жұмыстары жүргізіледі.  Иеліктегі жерлер өз қожайындарында қалады. Төрт ауыл заңды түрде жабылғанмен, аудандағы негізгі елді мекендер құрамына енетін болады»,-деді аудан әкімі Рамиль Сағандықов.

Айта кету керек, қар қалың түсетін Көкпекті ауданында  осы қыста қардан аршу жұмыстарымен «ДСУ-14» және «Көпекті жолдары» атты екі компания айналысатын болады.  Бұл тұрғыда осы жылдың соңына дейін  жергілікті бюджетте 20 миллион теңге қаражат қарастырылған. Келесі жылы бұл мақсатқа 90 млн теңге жоспарланып отыр.

ДереккөзAltaynews.kz