Astana Ballet Брюссельде өнер көрсетті

Бірақ бельгиялық көрерменнің әлемдік классика мен қазақтың ұлттық музыкасына қойылған балетке қызығушылықтары мол. Тіпті концертке бірнеше күн қалғанда кассада билет қалмаған. Соңғы дайындықтан кейін танымал Bozar Брюссель өнер орталығының сахнасында «Астана Балет» театры алғаш рет туындыларын ұсынуға дайын.

Айгүл Тәти, «Астана Балет» театрының балетмейстері: Біздің енді ұлттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Астана Балет» театры бүгін де Бельгияның Брюссель қаласында өз өнерін көрсетпекші. Әрине ол – біз үшін  үлкен жауапкершілік және біздің театр үшін бүл үлкен мәртебе. Соның ішіндегі біздің ұлттық «Ұлы дала елі» бағдарламамыз. Біздің ұлттық дәстүрде, ұлттық әуенге қойылған, ұлттық хореографияның пластикасы негізінде қойылған біздің ұлттық билер. Біз көрерменге өзіміздің мәдениетімізді, хореография арқылы тілімен жеткізгіміз келеді.

Көрермендер Эдит Пиаф репертуарындағы әуенге қойылған Love Fear Loss қойылымын өте жылы қабылдады. Ал қазақ халқының салт-дәстүрі, қыздарының хас сұлулығы, «Ұлы дала елі» ұлдарының жігері, Құрманғазы мен Дина Нұрпейісованың күйлеріндегі ерекше бояу көрермендерді көшпенділер мекенінен бірақ шығарды.

Жәнібек Атаушиев, қазақстандық көрермен: Қазір енді қарап жатқаным, «Астана Балет» Бельгиядағы өте әдемі. Постановкасы өте қызық, бұрында көрмегендей деп ойлаймын. Болашақта да көруге де тілектеспін. Қазақстан рухани жағынан дамысын!

Австриялық Дэвид Джонатанның «Астана Балет» театры құрамында өнер көрсетіп жүргеніне бір жарым жыл ғана болған. Дегенмен алғашқы сезім мен махабаттың құдіреті жайлы A fuego lento бір актілі қойылымында жеке ойнайды.

Дэвид Джонатан, «Астана Балет» театрының солисі: Хореграф Риккардо Амаранте дәл осы қойылымға биші іздеген. Мені шақырған соң, «Астана Балеттің» бір мүшесі болдым. Астанадағы өмір өте қызық. Көптеген түсаукесер болып тұрады. Бұл – «Астана Балет» әртістері сынды жастардың энергиясына толы заманауи қала. Алға қойған мақсатымыз көп.

Мишель Питерманс, Бельгияның Қазақстандағы экс-елшісі: Қазақстандық достарымызды Брюссельде көргеніме өте қуаныштымын! Бельгиялықтар қазақ әртістерін құшақ жайып қабылдауда. Қазақстаннан кетпес бұрын «Астана Балет» театрының жаңа залына тамашаладық. Ал Брюссельде астаналықтар танымал «BOZAR» орталығының «Анри де Бофф» залында өнер көрсетті. Біз бұл балетті екі елде де көруге қуаныштымыз.

«Браво» деп шуласқан көрермендер біздің әртістерді сахнадан жібергісі келмеді. Қазақстандық бишілердің өнеріне тәнті болған бельгиялықтар орындарынан тұрып, қол соқты. Ал «Астана Балет» театры күзгі гастрольін Санкт-Петербургте аяқтайды.

Дереккөз24.kz