Алматы облысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде

Бұл туралы облыстық жастар ресурстық орталығының коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры Жаксикельдинов Бахтияр хабарлады.

«Аудандарда жыл басынан бері 780-нен аса адамның қатысуымен 10 «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өткізді. Ұсынылған бос жұмыс орындары — 467. Жәрмеңке нәтижесінде 125 азамат жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, қайта даярлау курстары бойынша 20 мүгедек оқуға қабылданды», — деді Б.Жаксикельдинов.