Талдықорғанда мемлекеттік қызметшілерді оқыту филиалы ашылды

Оқу 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталмақ.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің штат саны — 8036. Қазіргі кезде 1451 мемлекеттік қызметші қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Аталған мемлекеттік қызметшілерді оқыту курстарын өткізу үшін жергілікті бюджеттен 57 787 706 теңге бөлінді.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту филиалы келер жылға 1200 қызметкерді оқытып шығуды жоспарлап отыр.