Талдықорғанда ІХ-Универсиаданың ашылу салтанаты өтті

Байрақты бәсеке спорттың 37 түрі бойынша ұйымдастырылып отыр. Оған республикамыздың әр аймағынан 22 команда қатысуда. Аталмыш спорт жарысына І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің студенттері спорттың 16 түрі бойынша қатысып, бақ сынауда.

Қазіргі таңда Жетісу мемлекеттік университеті базасында еліміздің ЖОО келген жас спортшылар спорттың: еркін күрес, самбо, ауыр атлетика, дзюдо, регби, жағажай волейболы, бокс, садақ ату түрлері бойынша күш сынауда.