Атап айтқанда, шаһар басшылығы «Хэмко», «Кумпулан Қазақстан» және «Карим» компанияларымен келісімге келді. Осы меморандум аясында гүлзардың реконструкциясымен бірге Алматыда тағы үш балабақша салынатын болады.
Атап айтқанда, «Карим» ЖШС 2016-2017 жылдар аралығында әр қайсысы 150 орындық екі мектепке дейінгі мекеменің құрылысын аяқтауға тиіс. Қос нысанға құйылатын жалпы инвестицияның көлемі — 440 млн теңге.
Сонымен қатар, «Хэмко» ЖШС Наурызбай ауданында 320 орынға арналған бір балабақша салатын болады. Инвестиция көлемі — 300 млн теңге. Ал, Сәбит Мұқановтың гүлзарын қалпына келтіруге 200 миллион теңге жұмсалмақ.