Оралда жаңартылған білім мазмұнына арналған семинар өтті

Семинарды ұйымдастырушы — «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ. Семинарға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрғали Аршабеков, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мамандары, Орал қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» филиалы тренерлері, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкерлері, республикалық педагогикалық, гуманитарлық колледждердің мамандары, Орал қаласындағы мектептердің педагогтары қатысты.

«Білім беру мазмұнының жаңару аясында педагогикалық мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбында өткен семинарда аталмыш институттың аға оқытушысы Гүлфия Әліпқалиева «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар барысында «Білім» бейіні бойынша оқыту-әдістемелік бірлестіктер жұмысының ерекшеліктері; «Педагог» кәсіптік стандарты негізінде жаңартылған 12 жылдық білім мазмұнын болашақ мамандар даярлау бағдарламаларына енгізу; орта мектептегі білім мазмұнының жаңаруы; оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері; жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында шағын жинақталған мектептерге мұғалім дайындаудың ерекшеліктері; қолданбалы бакалавриатты енгізу (талдау, бағдарламаның маңызы, Колледж-ЖОО байланысы, оқыту мерзімі бойынша ұсыныстар); техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі өзгерістер жөнінде сұрақтар қарастырылды.

Республикалық семина соңында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ. Семинарға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрғали Аршабеков озық жұмыстарымен ерекшелегнег бір топ ұстаздарды марапаттады.