Бас банкирдің айтуынша, қазіргі уақытта валюта нарығындағы жағдай толықтай тұрақты.
«Айырбас бағамы тарихи тұрғыда қалыптасқан мұнай бағасы мен сауда серіктес елдердегі валюта бағамын ескере отырып, белгілі бір шекте ауытқуда. Айырбас бағамының айтарлықтай түзетілуі үшін ешқандай да алғышарт көріп отырғанымыз жоқ. Бұған қоса, жылдың соңына қарай экспорттаушылардың салық төлемдерін төлеуі аясында олар тарапынан шетелдік валюта ұсынысы артады. Ал бұл теңгенің нығая түсуіне түрткі болады», — деді Данияр Ақышев.