Шымкентте латын әліпбиін қолдау мақсатында флешмоб өтті

Жоғары оқу орны ғимаратының алдына жиналған 500 студент латын әріптерімен QAZAQSTAN сөзін жазып, флешмоб өткізді.  Бұдан соң орталық көшелер мен сауда орындарын аралап, қала тұрғындарына латын таңбалары жазылған 1000-ға жуық парақша таратты.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастар орталығының директоры Мағжан Исаховтың айтуынша, жастар 2025 жылы латын әліпбиінде ғылыми жұмыс жаза алады.

«Осы әріптерді ертерек жаттап, өздерінің аттарын жазып, құттықтауларын жазып, қазірден бастап үйренер болса, 2025 жылдары жастар ғылыми жұмыстарды жаза алатын болады. Қазіргі ғылыми жобалар әлемдік дәрежеде терезесі тең болатынына үлкен сенім білдіре аламыз», — дейді ол.

Айта кетейік, шараны ұйымдастырушы жастардың басты мақсаты — жаңа әліпбиді қазірден бастап насихаттау.

Дереккөз24.kz