Ауа райына байланысты үш аймаққа ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 8 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Айта кетейік, бұдан бұрын синоптиктер 7-9 қараша аралығында Қызылорда облысында және 6-8 қараша күндері Атырау облысында тұман түсетінін ескерткен еді.