Алдағы уақытта елімізде 22 су қоймасы салынады

«Жаңа агроөнеркәсіпті кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 7 облыста 2021 жылға дейін 22 жаңа су қоймасын салу қарастырылған. Аталған су қоймалары еріген қар суы мен тасқын судың 1 млрд 900 млн куб мөлшерін сыйдыра алады», — деді ол.

Осы орайда бірінші вице-министр ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынының алдын алу мақсатында жол картасы бойынша қандай жұмыстарды жүргізіп жатқанын атады.

«Су тасқынының салдарын жою, қауіптің алдын алуға арналған жол картасын орындауға байланысты Ауыл шаруашылығы министрімен 2017-2018 жылдарға 2 млдр 800 млн теңгеге 100 объект бекітілді. 1 қарашада 57 объект бойынша жұмыстар аяқталды. Ал 43 объектіде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыс жоспарға сәйкес 2017 жылдың 15 желтоқсанында аяқталады. Осы орайда жұмыстарды орындау 2 млрд 800 млн теңгеге емес, 1 млрд теңгеге жүргізіледі», — деді Қайрат Айтуғанов.

Дереккөзbaq.kz