Басты бетҚоғамФридің қандай...

Фридің қандай зияны бар?

Жылдам тамақтану орындарында фриді қуыру үшін мал майының орнына өсімдік майы қолданылатын болды. Алайда, оның да денсаулыққа қауіпті екені анықталды, деп жазады Life.ru.

Осыған дейін «Макдоналс» жылдам тамақтандыру орындарында картоптың мал майына қуырылатынын анықталған еді. Бірақ, біраз уақыт өткенде компания жетекшілері ондай майдан бас тартып, сиыр майы өсімдік майымен алмастырылды.

Алайда, мұнымен тағамның зияндылығы жойылмаған көрінеді.

«Өсімдік майының құрамында кездесетін трансмайлар өте қауіпті. Тіпті, қарапайым майдан да қауіпті», — деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін АҚШ, Италия, Испания және Ұлыбританияның ғалымдары қуырылған картоппен жиі тамақтану адамның өмірін қысқартатынын анықтаған еді. Олар 45 және 79 жас аралығындағы 4400 адамға зерттеу жүргізді. Дәрігерлер олардың тамақтану процесін 8 жыл бақылаған. Осы жыл ішінде зерттеу нысанасына алынған 236 адам қайтыс болған.