7 қараша: ауа райы жауын-шашынды болады

Бүгін еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Республиканың батыс, оңтүстік, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман түседі.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман болады.

Павлодар облысында тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.