Оралда «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» байқауының облыстық кезеңі өткізілді

Аталмыш байқаудың І кезеңі 2017 жылдың мамыр-маусым аралығында өтті және БҚО бойынша 225 педагог қатысты. Маусым-шілде аралығында өткен байқаудың ІІ кезеңіне 51 педагог қатысты. Осы кезеңнің «Microsoft Kazakhstan» порталынан қашықтық оқуынан 33 педагог сәтті өтті.

Облыстық кезеңді өткізбес бұрын қатысушыларға тікелей және youtube каналы арқылы онлайн кеңестер жүргізіліп, байқауға дайындық барысында қатысушыларға кезіккен кедергілер мен қиындықтарды ұйымдастырушылар комитеті бірлесе шешуге, алдын алуға жағдай жасады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 13 қыркүйектегі республикалық кеңесте халықтың IT-технологияны меңгеруі туралы мәселе қозғаған болатын. Филиалдың ғылыми-әдістемелік тақырыбы «SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» болғандықтан бұл мәселе «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ мамандарына жақсы таныс. Смарт білім беру бағытында жыл сайын дәстүрлі түрде түрлі деңгейді конференция, семинарлар өткізіліп, облыс педагогтарының смарт білім беру құзыреттіліктері артып келеді.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау онлайн түрінде жүзеге асырылды. Яғни, қазылар алқасы өздерінің смартфондары немесе планшеттері арқылы сайтта орналасқан алдын ала дайындалған интерактивті бағалау парағында баға берді. Сонымен қатар, әр қатысушы сайтқа кіріп, өз қарсыластарының жұмыстарын бағалауға мүмкіндік алды.

Облыстық кезеңде «Орта білім беру» бағыты бойынша 27 қатысушы 2 секцияға жіктелді, «Техникалық және кәсіптік білім беру» бағыты бойынша 6 қатысушы бағын сынады. Байқаудың қорытындысына сай келесі бірнеше таңдаулы ұстаздар жүлделі орындарға және сертификаттарға ие болды.