«Астана» футбол командасы төртінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды

«Астана» командасы аса маңызды ойында «Ақжайықтан» 2:0 есебімен басым түсті. Екі голды да Джуниор Кабананга соқты.

Чемпиондық атақтан соңғы турға дейін үміт үзбеген «Қайрат» Алматыда «Ақтөбені» 3:2 есебімен ұтты. Алайда «Астанадан» 1 ұпай кем қалып, биыл да күміс жүлдені қанағат тұтты.

«Ордабасы» командасы соңғы турда Көкшетаудың «Оқжетпесті» 3:2 есебімен ұтып, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, «Астана» төртінші жыл қатарынан ел чемпионы атанып отыр. 

ДереккөзVesti.kz