«Ақмола облысы, Көкшетауда жұмыс!» жобасымен 200-ден астам жас жұмыспен қамтылды

Бұл туралы бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткен аппарат кеңесiнде Ақмола облыстық жастар мәселелерi жөнiндегi басқарма басшысы Риннат Галлямов мәлiмдедi. Оның айуынша, «ВКонтакте» атты әлеуметтiк желiде iске қосылған жаңа парақшада жарты жыл iшiнде 2700 хабарландыру жарияланған, оның 1092-сi бос жұмыс орны туралы болған, нәтижесiнде 211 адам еңбекпен қамтылған. Бүгiнгi күнi аталған парақшаның 23 мыңнан астам ақмолалық қолданушысы бар»,-дедi Р. Галлямов.

Сонымен қатар, Риннат Галлямов облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2 iрi жоба жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. «Оның бiрi жастар бос уақытын тиiмдi өткiзу мақсатында iске асырылып жатқан облыс орталығындағы саябақ. Демалыс орны жақын арада жөндеу жұмыстары толық бiткеннен кейiн iске қосылады. Тағы бiр жоба, «Ақ ниет-iзгiлiк шуағын төгейiк» деп аталады. Бұл жастарды қайырымдылыққа баулу мақсатында iске асырылып отырған жоба, оған 100 ден астам жас валантер мүше болған»,- толықтырды Р. Галлямов.

Жиында күзгi жиын-терiм жұмысының қортындысы туралы обыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Балпан баяндады. Оның айытуынша, аймақ диқандары 5 млн гектраға жуық алқаптан дәндi-дақыл жинаған. Осылайша, өңiр ауылшаруашылығы өнiмдерiн диверсификациялау бойынша жоспарда көрсетiлген агроөндiрiс кешенiндегi барлық көрсеткiштi орындады.

Сондай-ақ шығып қалған мәслихат депутаттарының орынына депутаттар сайлау жұмысының қортындысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әдiлхан Шаяхметов мәлiм еттi. Аймақтағы дiни ахуал туралы облыстық дiн iстерi жөнiндегi басқарма басшысы Болат Қасенов айтып бердi.

Аппарат кеңесiнде Мәлiк Мырзалин жаңадан тағайындалған туризм мәселелерi бойынша облыс әкiмiнiң кеңесшiсi Марат Иғалиевтi аймақ активiмен таныстырды және ҚР Еңбек сiңiрген қайраткерi, драматург, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесi, «Ақмола тiршiлiк» ЖШС директоры Жабал Ерғалиевтi 65–жасқа толуымен құттықтады.