Осының барлығы жемқорлықтың алдын алуға үлкен септігін тигізбек. Бүгінде үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін электронды түрде алуға болады. Осы орайда, ерекше жәрмеңкенің тағы бір мақсаты – «E.GOV» электронды үкіметінің порталын көпшілікке таныту болды.
Үш сағатқа созылған жәрмеңкеде қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізінен жер телімдерін алуға қатысты сұрақтар көп болды.
Жәрмеңкеге келгендердің қатарында танымал спортшы Мария Гробовецкая да болды.
Жыл басынан бері облыста 4 миллионнан артық мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген. Оның 65 пайызы электронды түрде жүргізілген. Мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы тікелей байланысты болдырмау міндеті бүгінде сәтті жүзеге асып келеді.
