Көкшетауда медиаторлар кабинеті жұмыс істемек

Қоғам болған соң түрлi мәсе-лелер, түрлi түйткiлдер орын алмай тұрмайды. Ондай мәселелердi са-уатты, салиқалы, байыппен шешудiң оңтайлы жолы сот процестерiнде татуластыру рәсiмдерiн кеңiрек қолдану болып табылады.

«Қазақ тiлi мен мәдениетi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Мейрамбек Қиықов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы аналар кеңесiнiң төрайымы Зере Еспайқызы, оқу саласының ардагерi Күләш Темiрбаева, «Болашақ» психологиялық орталығының жетекшiсi Айгүл Жұмабекова сияқты зиялы қауым өкiлдерi осы игiлiктi iске атсалысатын болады.

Көкшетау қалалық сотының төрағасы Ринат Шакуановтың айтуынша, қылмыстық iстер сотта медиация рәсiмiн қолдану арқылы тоқтатылған кездерi болды. Сот барысында отбасылық даулармен аппеляция сатысында ортақ шешiмге келiп, ерлi-зайыптылар қайтадан қосылып, дауларын реттеген жағдайлар да бар.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да