Ақмолада өрт сөндiру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметкерлері ант қабылдады

Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күнi қарсаңында, 2017 жылғы 12 қазанда Көкшетау қ. № 2 өрт сөндiру бөлiмiнiң аумағында Ақмола облысы ТЖ департаментi Өрт сөндiру және авариялық — құтқару жұмыстары қызметiне жаңадан қабылданған қызметкерiнiң салтанатты ант қабылдауы өттi.

Бұл күнi — олардың өмiрлерiндегi есте қалар және өте ерекше күн. Олар қасиеттi анттың сөздерiн әрдайым естен шығармайды, және олар әрi қарай қызметiнде түскен қиыншылықтарда, оны қиындықтар мен сынақтардан лайықты және абыроймен алып шығатынына күмән жоқ.

Тiлек сөздерiмен жас қызметкерлерге Ақмола облысы ТЖ департаментi бастығының орынбасары подполковник Қанат Доспаев, Өрт сөндiру қызметi бастығының мiндетiн атқарушы азаматтық қорғау полковнигi Артур Родичкин, Ақмола облысы ТЖ органдарының ардагерi Жанат Қарабалин көңiл аударды.

Өртке қарсы қызмет органдарының қатарына кiрiп жатқан өрт сөндiрушiлер өздерiнiң тәлiмгерлерiнiң және жолдастарының қатысуымен күнделiктi қызметiнде нұсқау болатын сөздердi айтты. Жас құтқарушылар ант сөзiн жауапкершiлiктi, адалдықты және мемлекет игiлiгi үшiн қызметтегi парызын сезiнiп, үлкен мәртебемен оқыды. Өрт сөндiрушi-құтқарушылар әскери қызметтiң барлық ауыртпалығы мен мұқтаждығына шыдауға, жалпы әскери Жарғының барлық талаптарын адал орындауға, бiлiмiн сапалы игеруге және қызметтiк-әскери тәртiпте үлгiлi болуға ант еттi.

Iс-шара өрт сөндiрушi-құтқарушылардың салтанатты маршымен аяқталды.