10 қараша күні «Ататүрік фотокөрмесі» өтеді

Аталмыш шара Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болады.

Көрмеде астаналықтар мен қала қонақтарына тарихи маңызы зор 40 фото ұсынылады. Көрмеге қойылатын фотолар Ататүрік өзі негізін қалап кеткен үлкен екі ұйымның бірі «Түрік тарих ұйымының» архивінен алынды.

Айта кетейік, көрменің ашылу салтанатында Түркияның Қазақстандағы елшісі Невзат Уянык мырза, Парламент өкілдері қатысады.

ДереккөзEgemen.kz