Басты бетБастыЖасанды интеллект...

Жасанды интеллект қызметкердің орнын баспақ. 7 млрд адам немен айналысады?

Біріккен Ұлттар Ұйымы осыған байланысты 7 миллиард адамның қанша пайызы жұмыспен қамтылғанын зерттеп көрді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, дүние жүзі халқы 2016 жылы 7,3 млрд адамды құраған. 2020 жылға дейін аталмыш статистика 9,7 млрд, ал 2100 жылы 11 миллиардқа жетуі мүмкін деп болжайды.

Сонымен 7 миллиард адамның қанша пайызы жұмыс істеп жүр?

Әлемде 30 млн адам (6%) жұмыссыз немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс істейді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Үндістан, Бразилия және Қытайда 850 млн адам жұмыссыз. Ал Оңтүстік Корея, Африка, Испания және Грецияда адамдар жұмысқа орналасу үшін жұмыс орнында тәжірбиеден екі немесе үш жыл өтеді.

Технологияның дамуына (жасанды интеллект) байланысты алдағы уақытта бірнеше қызмет түрлері қысқаруы мүмкін. Демек, қызметкерлердің орнын жасанды интеллект пен робототехника басады. Салдарынан компаниялардағы бэк-офис секілді бөлімдердегі мамандардың қажеттілігі төмендейді. Мысалы, Уолл-стриттегі ең ірі компаниялар операцияларды автоматтандыру үшін бұлтты есептеу технологияларын қолданып жатыр. Сол себепті, көптеген қызметкерлеріне жаңа жүйеге бейімделіп, басқа жұмыс орнын іздеуге мәжбүрлеген.

Қазақстандағы Oracle компаниясының бөлім жетекшісі Нина Путинцеваның сөзінше, қазіргі ең қажетті мамандықтар 2021 жылы жойылуы мүмкін. Оның ішінде дәрігерлер, мейрамхана ісі мен туризм саласындағы мамандықтар, есепшілер, call-орталық операторлары бар. Мамандар бұл өзгеріс 10-20 жылда бола қоймайтындығын айтады.

Не десек те, техника дамығанмен, адамдардың қызметіне деген сұраныс жойылмайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде 1,7 млрд адам қызмет көрсету саласында, 1,9 млрд адам ауыл шаруашылығында, 800 млн адам өнеркәсіпте, 430 млн адам жұмыссыз, 400 млн адам кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін болады.

Инфографика
©Baribar.kz

                                                                                                              Материал авторы: Айгүл Хожантаева