Сынға қалай жауап беру керек? Стив Джобстың тәжірибесінен

1. Сынды болжай біліңіз

Көпшілік алдында презентация жасайтын кезде сын естуге дайын болыңыз. Тыңдармандар қай сөзіңізбен келіспеуі мүмкін? Қандай сын айтуы мүмкін? Оларға қалай жауап беруге болады? Осы сауалдарға алдын ала жауап даярлап алыңыз. Сонда жағымсыз сынды қабылдау оңай болады.

2. Асығыс жауап бермеңіз

Ашуланбаңыз және бірден жауап бермеңіз. Су құйып ішіп, ойыңызды жинақтаңыз. Қажетті сөздерді даярлап, асықпай жауап беріңіз.

3. Жауабыңызды жылы шыраймен бастаңыз

Сынға жауап бергенде, онымен келіссеңіз де, келіспесеңіз де, сөзіңізді жылы шыраймен бастаңыз.

Стив Джобс өзіне айтылған бір сынға жауабын: «Бір нәрсені өзгерткің келгенде алдыңнан шығатын ең қиын кедергі — сұрақ қойған адамның бір нәрсені дұрыс айтуы»,- деп бастады. Осылайша, жауабын жұмсартты. Бір қараған адамға Стив айтылған сынмен келіскен сияқты, алайда жауабын тыңдай келе, мүлдем олай емес екенін түсінесіз.

4. Естігіңіз келген сұраққа жауап беріңіз

Қойылған сұраққа нақты жауап бермейтін шенеуніктерді байқаған боларсыз? Бұл — саясаткерлердің жиі қолданатын классикалық тәсілі.

Стив Джобс та осыны қолданып, бағдарламалау тілі мен жеке өміріне қатысты қойылған сұраққа, «Компаниядағы өзгерістер кезінде қандай да бір қателіктер кетті ме? Техникалық компанияларда нәтиже кімге байланысты? Бағдарламаны құрастырушыға ма, әлде клиентке ме?» деген сауалға берілетін жауапты айтты.

5. Сөз соңында қателіктеріңізді мойындаңыз және командаңызға қолдау көрсетіңіз

Өзіңіздің ең үлкен жанкүйеріңіз болыңыз. Әсіресе, жұмысты енді бастаған, өзіңізге және командаңызға ғана арқа сүйейтін кезде.

Қателіктеріңізді мойындаңыз. Одан қандай сабақ алғаныңызды, қазір командаңызбен  ерінбей-жалықпай қызмет етіп жатқандарыңызды атап өтіп, қолдауға лайық екендеріңізді айтыңыз.

Адамдар еңбекті бағалауды біледі. Еңбектеніп жатқандарыңызды айту арқылы, аудиторияны өзіңізге тартасыз.

Мысалы, Стив Джобс сөзін былай аяқтады: «Біз қателіктерді тауып, солармен жұмыс істейміз. Бірақ қазір командаға қолдау керек. Олар өте маңызды кезеңге келді және тынбай еңбектеніп жатыр».