Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық аппарат ұжымына партияның жаңа хатшысы Ғабидолла Әбдірахымовты таныстырды. Ал бұрынғы хатшы Зауытбек Тұрысбеков Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Экономист және мемлекеттік-әкімшіліктік басқару мамандықтары бойынша жоғары білім алған. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Әр жылдары жауапты басшылық қызметтерде болды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы, Премьер-министр Кеңсесінің жетекшісі, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
