Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастады

Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтан әлеуметтік парақшасында жариялады.

«Қуан, қазақ! Қанат Ислам WBA рейтингінде 1 орынға шықты», — деп жазылған Берік Сұлтанның Instagram  парақшасында.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

ДереккөзKaz.vesti.kz