Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBA титулына басты үміткер атанды

 Оның айтуынша, Қанат Ислам Кастаньоның негізгі қарсыласы болуы мүмкін.

«WBA рейтингінде  қазір бірінші орында Брайн Кастаньо тұр. Содан соң Қанат Ислам орналасқан. Қанат Ислам Кастаньоның негізі қарсыласы болады. Олардың кездесуі 2018 жылы өтуі мүмкін. Қанат Ислам — өте мықты боксшы», — дейді Хави Толедо.

28 жастағы Кастаньо WBA рейтингінде Қанат Исламнан бір саты жоғары орналасқан. Бірақ басқа барлык рейтингте қазақстандық боксшыдан төмен тұр. Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша ол WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.
ДереккөзVesti.kz