«Америкадағы қазақша кәсіп» комедиясының трейлері жарық көрді

«Америкадағы қазақша кәсіп» («Бизнес по-казахски в Америке») комедиясы – 2016 жылдың желтоқсан айында киноэкранға шыққан «Қазақша кәсіп» фильмінің жалғасы. Жаңа бөлімде алғыр Жомарт достарымен бірге Лос-Анджелеске аттанады, сол жақта қонақ үйіне әлемдік бедел алуға тырысады. Алайда, іссапар қызықты шытырман оқиғаға айналады.

Картинадағы кейіпкерлерді Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Қажет Смағұлов және Гүлназ Жоланова сомдайды. Сонымен қатар, комедияға американдық актерлар да түскен.

Фильм режиссері — Жеңісхан Момышев, жобаның бас продюсері — Нұрлан Қоянбаев. Таспа сценарийін Сәбит Рахымбаев және Әуэз Әуэзов жазды. Қоюшы-операторы ретінде Азамат Дулатов шақырылды.

Айта кетейік, кинокартина Алматы мен Лос-Анджелес қалаларында түсірілді.