Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті қабылдады

Кездесуде барысында Нұрсұлтан Назарбаев елімізде өтетін халықаралық іс-шараларда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айттты және «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізген кезде құқық қорғау құрылымдарының сапалы жұмыс атқарғаны үшін алғыс білдірді.

«Мен арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізген кезде үйлесімді жұмыс жүргізгені үшін алғыс айттамын. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткендіктен көрмеге келген барлық қонақтар жақсы баға берді», — деді Елбасы.

Өз кезегінде Кәрім Мәсімов қауіпсіздіңтің қазіргі ахуалы мен қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

«Қазір ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде арнаулы және құқық қорғау қызметтері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқара білді», — деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Қабылдаудан соң Қазақстан Президенті Кәрім Мәсімовке бірқатар нақты тапсырмалар берді.

ДереккөзAkorda.kz