Кәрім Мәсімов жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін Федерация конференциясында Мәсімовтің кандидатурасы таңдалды. Жаңа басшы өзінің сөзінде аймақтардағы спорт түрлерінің дамуына баса назар аудара отырып, федерацияның алдағы уақыттағы міндеттерін белгіледі.

«Триатлон – біздің елімізге кейін келген спорт түрі болып табылады, сондықтан оның дамуы әлі бастапқы кезеңде. Бұл спорт түрінің жоспарлы және кешенді дамуын қамтамасыз ету қажет және аталған жұмыс болашақта өз нәтижесін береді»,- деді К.Мәсімов.

Федерация конференциясына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ Федерация мүшелері, құраманың тренерлік құрамы, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар Федерацияның басқару органдарының жаңа құрамы жасақталды.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов — Қазақстан муай тай федерациясының президенті, Азия муай тай федерациясының төрағасы, әлемдік муай тай федерациясының вице-президенті. Ол осы «федерацияны жақсы басқарғаны үшін» 2006 жылы «Муай тайдан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген атақ алды.

 

ДереккөзBaq.kz