Қытай студенттері Абай өлеңдерін жатқа оқып, әнін айтты (видео)

«Абай оқуларына» Қытай сыртқы істер министрлігі мен ҚХР коммерция министрлігінің өкілдері, «Цзиньтай» музейінің директоры Жо Хуа, Пекин шет тілдері университеті жанындағы «Қазақстан орталығының» меңгерушісі Ханшайым Қарабаева, Қытайдағы шығармашылық интеллигенция мен қазақ диаспорасының өкілдері, дипломаттар, қазақстандық және қытайлық студенттер қатысты.

ҚХР СІМ Еуропа және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Лю Бинь Абай мұрасының Қазақстан үшін ғана емес, дүниежүзі халықтары үшін өзекті екенін атап өтті.

«Абайдың қара сөздері әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Абай — Қазақстанның символы, қазақ халқының рухы. Мен Абаймен алғаш рет 2000 жылы  қазақстандық достарым қытай тіліне аударылған «Абай жолын» сыйға тартқан кезінде таныстым. Мен эпопеяны бір деммен апта ішінде оқып шықтым. Абай бізге өлмес мұра қалдырды. Менің ойымша Абай қазаққа ғана емес, күллі әлемге ортақ тұлға», — деді ол.

ДереккөзInform.kz